Қызылорда қаласындағы жол мәселесі шешімін таппақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда қаласындағы жол мәселесі шешімін таппақ

26.05.2020

Жыл басында ұлттық арнадан көрсетілген Қызылорда қаласының шет аумағындағы жаңбыр жауса ми батпаққа айналатын жолдардың мәселесі шешімін таппақ. Биыл 260 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Әсіресе, ұзақ жылдардан бері жол азабын тартып келген бірнеше мөлтек аудан тұрғындарының талап-тілегі орындалуда. Жол құрылысына бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, шет аймақтағы 100-ден аса көшеге жол түспек. Қазір асфальт төсеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жергілікті билік жолдардың сапасына айрықша мән беріп, жұмыс барысын қатаң қадағаламақ.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу