Карантин талаптарын сақтамаған мұнайшыларға қатаң шара қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин талаптарын сақтамаған мұнайшыларға қатаң шара қабылданады

26.05.2020

Қарашығанақ кенішінде карантин талаптарын сақтау үшін қаржы үнемдеудің қажеті жоқ. Өйткені өндіріс тоқтаса әлдеқайда көп шығынға бататынын айтады Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев. Сондықтан 4 жарым мың адам күнбе күн тексерістен өтіп барып, жұмысқа кіріседі. Сондай ақ облыс әкімі карантин талаптарына немқұрайлы қараған мұнайшыларға қатысты қатаң шаралар қабылданатынын айтты. Мәселен, бұған дейін тәртіпке бағынбаған кеніш қызметкерлері кәсіпорын басшылығымен келісе отырып жұмыстан шығару қарастылмақ.

Теңізде жағдай тұрақталып келеді. Зауытта өндіріс тоқтатылмайды. Халыққа онлайн режимде есеп берген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов осылай деді. Өңір басшысы, кәсіпорын аумағынан шығарылған он мыңдаған қызметкердің жұмыстан шеттетілмейтінін де баса айтты. Қауіпті індет ошағында арнайы комиссия әлі де жұмыс істеп жатыр. Олар кеніштегі эпидахуалды жіті қадағалап отыр. Бүгінде Теңізден вирус жұқтырған науқастар саны 815-ке жетті.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу