Алматыда карантин талаптарын бұзған кəсіпкерлік нысандарға 39 млн теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда карантин талаптарын бұзған кəсіпкерлік нысандарға 39 млн теңге айыппұл салынды

18.08.2020

Алматыда карантин талаптарын бұзған кəсіпкерлік нысандарға 39 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы айтты. Рейд кезінде заңсыз жұмыс істеген сауна мен түнгі клубтар, кафелер мен ресторандар, массаж салондары мен караоке клубтары анықталған. Осыны ескерген қаладағы мобильді топтар жұмысын қайта бастаған нысандарды қатаң бақылауға алды.

Алматыда кешеден бері 51 мың кəсіпкер жұмысын бастады. Яғни, шамамен 200 мың адам қызметіне қайта оралды. Осы орайда санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіпкерлер қатаң жазаланады. 

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу