Карантин талаптарын сақтамаған саудагерлерге шара қолданылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин талаптарын сақтамаған саудагерлерге шара қолданылуда

08.06.2020

Тараз көкөніс базарларында фитосанитарлық талаптар сақталмай отыр. Бұған мониторинг тобының арнайы рейді кезінде көз жетті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен әкелінген өнімдердің құжаттары тексерілді. Сөйтіп талапты сақтамаған 12 саудагерге әкімшілік хаттама толтырылды. Кей өнімдерді тасымалдау кезінде саудагерлердің арнайы рұқсат қағаздары болуы тиіс. Алайда, олардың кейбіреулері құжат рәсімдеуде салғырттық танытуда.

Ақмола облысында да санитарлық талаптар сақталмауда. Тексерілген 6 мыңнан астам нысанның 1 мыңы ережені бұзған. Олардың қатарында қоғамдық орындарда, көлікте бетперде кимеу, залалсыздандыру құралдарының болмауы жиі кездеседі. Мамандар әзірге ескертумен, түсіндірумен шектелуде. Егер жағдай қайталанса, жаза тағайындалады.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу