Түркістанда жүк көліктерімен күрес күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда жүк көліктерімен күрес күшейді

25.05.2020

Артық, ауыр жүк артқан көліктердің кесірінен Түркістан облысында 300 шақырымға жуық жол жарамсыз күйге түскен. Олардың көбі қиыршық-тас, құм-шағал қоспасын таситындар. Заңсыз тасымалдың жолын кесіп, бәрін бірдей тезге салуға көліктік бақылау инспекциясының шамасы келмей отыр. Облыста жалпы жолдардың ұзындығы 18 мың щақырымнан асады. Ал көліктік бақылау инспекциясының осы аумақты бақылауға бар- жоғы 3-ақ мобильді тобы бар. Сондықтан ауыл мен аудан арасын шаңдатып, ызғып жатқан жүк көліктерінің бәрін бірдей құрықтай алмайды. Өңірде құм-шағал қоспасын өндіретін кен орындарының саны 150-ден асады. Сол үшін жол саласына қатысты бес орган, атап айтсақ: Ұлттық сапа орталығы, Көлік прокуратурасы, Полиция департаменті, «Қазавтожол» мекемесі мемарандумға отырып, жүк көліктеріне қарсы жұмыстың ортақ «жол картасын» түзбек.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу