Басты Жаңалықтар Бразилия мен Қазақстан биылғы 8 айда 82 миллион долларға сауда-саттық жасаған

Бразилия мен Қазақстан биылғы 8 айда 82 миллион долларға сауда-саттық жасаған

Алыстағы Бразилия елімен Қазақстан биылғы 8 айда 82 миллион долларға сауда-саттық жасаған. Алдағы уақытта тауар айналымын көбейту міндеті тұр. Бұл туралы Бразилия еліндегі Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Саржанов айтты. Бүгінде Бразилия бейбіт ядролық технологияларды игеруде жетекші мемлекеттің біріне айналып отыр. Алайда, Қазақстан уран өндірушілерінің бұл нарықтағы үлесі көп емес. Тек сәуірде Ұлттық атом компаниясы оңтүстікамерикалық әріптестеріне 13,7 миллион АҚШ долларына уран концентратын сату жайлы келісіпті. Ал, Астанаға Бразилияның Сыртқы істер министрі Алоизио Нунес келеді деп жоспарланып отыр. Кездесулер барысында қос елдің байланысын бекемдеуге сеп болар келісімдер жасалады деп күтіліп отыр.  

Қайрат Саржанов, Бразилия Федеративті Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі:

- Бразилияның Сыртқы істер министрінің бірінші ресми сапары болғалы тұр. Бұл сауда айналымы, инвестиция жағынан жаңа бағыттарды ашады.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу