Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқылмайды

22.05.2020

Карантинге байланысты қазір құлшылық үйлерінде көпшілік іс-шараларға тиым салынған. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы осыған байланысты отандастарымызды айт күндері әркім өз шаңырағында мінәжәт етуге үндеді. Әрі тұрғындар айт намазының орнына нәпіл намазын оқуына болады. Естеріңізге сала кетейін, 18 мамырдан бастап еліміздің бірқатар өңірлерінде мешіттер қайта ашылған. Алайда, азаматтар тек жеке келіп құлшылық ете алады. Оның өзінде ғимаратта 15 минуттан артық болуға болмайды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу