4 жылдан бері тайыздап кеткен Жайықтың арнасы толды

22.05.2020

Соңғы 4 жылдан бері тайыздап кеткен Жайықтың арнасы биыл суға толды. Өзеннің деңгейі әжептәуір көтерілген.

Сондай-ақ Жайық суы Пятимар арнасы арқылы өзен-көлі жоқ Жаңақала ауданына жеткізілуде. Мұның бәрі аймақтағы ауыл шаруашылығының адымын ширата түспек. Қазір шалғайдағы Қараөзенге құю да іске асуда. Сондай ақ шағын өзендер мен көлтабандарды суландыру көзделген.

Өңірге 260 миллион текше метр су керек десек, соның 60 пайызы жинақталған. Жайық арнасының толығуы маусым айының ортасына дейін жалғасатынын ескерсек, су қорын арттырудың мүмкіндігі әлі де мол.

Рауан ДИӘЛИ


Хабарламаларға жазылу