Еліміздегі су қоймаларындағы судың деңгейі қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі су қоймаларындағы судың деңгейі қандай?

21.04.2024

Жалпы ел ішіндегі су қоймаларындағы судың жағдайына тоқталсақ. Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толған. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы да ернеуіне дейін толды. Өңірде тасқынмен күрес тоқтаған жоқ. Дегенмен, Петропавл тұсындағы Есіл өзенінің деңгейі бір тәулікте 28 см-ге төмендеген. Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасындағы судың деңгейі де 97%-ға толған. Өңірдегі жағдай тұрақты. Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Батыс Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасы бар. Олар шамамен 85%-ға толы. Орал қаласындағы Жайықтың деңгейі қауіпті межеден 4 см-ге асқан. Ал, Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасындағы су 98% толып тұр. Жағдай тұрақты. Шығыс Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 81%-ға, Абай облысында Шүлбі су қоймасы 67%-ға толғаны анықталған.
Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу