Батыс Қазақстан облысындағы cу басу қаупі төнген Чинарёв ауылында жағдай тұрақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысындағы cу басу қаупі төнген Чинарёв ауылында жағдай тұрақталды

14.04.2022

Құтқарушылар кері қайтарылып жатыр. Ресейдегі бұзылған бөгеттен келген су, ауылды түгел қоршап алған еді. Тасқынның алдын алу шаралары дер кезінде ұйымдастырылып, үйлерді су басқан жоқ. Қазір Орынбор облысы Ташлин ауданы Пустобаево ауылындағы су қоймасының бұзылған бөгеті, қалпына келтіріліп, судың келуі тоқтады. Ауыл маңындағы Елтышевка өзені соңғы он жылдан бері аңқасы кеуіп тұрған еді. Биыл арнасы толды. Бірақ су Жайыққа жеткен жоқ.

Ал Ақмола облысының Зеренді, Бурабай, Біржан Сал аудандары мен Степногорск, Көкшетау қалаларында да тасқын қаупі сейілді. Өзге аудандардағы жағдай да қалыпты. Сандықтау мен Атбасарда, қар әлі толығымен ерімеген. Биыл елдімекендерден 1,1 млн текше метр қар шығарылып, 800 мың текше метр су сорылған.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу