Маңғыстау облысында 1,4 млн гектар игерілмеген жер мемлекетке қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында 1,4 млн гектар игерілмеген жер мемлекетке қайтарылады

21.05.2020

Маңғыстау өңірінде 1 миллион 400 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті. Тағы да бірнеше мың гектар аумақ кері қайтарылады. Құзырлы органдар жыл басында Қарақия ауданында ауыл шаруашылық мақсатта берілген 2,5 миллион га жердің тиімсіз пайдаланылғанын анықтады. Бұл аумақ тұтастай бір ғана серіктестікке тиесілі болып шықты. Осыдан кейін, тексеру басталды. Жер қатынастары басқармасының мәліметіне сүйенсек, учаске «Сенек» ЖШС-не 90-жылдары заңды түрде мұрагерлікке берілген. Ал серіктестік құрамында 100-ден аса шаруа қожалығы бар. Мамандар 2,5 миллион гектар аумақтың барлығы жайылымдық жер емес екенін айтады. Басым бөлігі құмдауыт. Дегенмен, мақсатсыз қолданылған жердің біразы кері қайтарылды. Қазір серіктестікте 1 миллион 39 мың га жер қалды.  

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу