Шетелден әкелінген 100 мың көлік заңдастырылды
Шетелден әкелінген 100 мың көлік заңдастырылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы мәлімдеді. Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін алдын ала онлайн тексеруден өтіп, 200 мыңға жуық автокөлік заңдастыруға мақұлданған. Енді автоконструкторларды тіркеуге дайындық жүріп жатыр. Ол үшін арнайы жоба жасалған.
Қайсар Сұлтанбаев ,ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:
Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба Үкіметтің қарауына енгізіліп, оған келесі аптада қол қойылады деп күтілуде. Үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң ол қолданысқа енгізіліп, содан кейін біз автоконструкторларды тіркеуге алуға кірісеміз.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14