Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионға жетті

21.05.2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны бүгін 5 миллионнан асты. Мұны Американың Джонс Хопкинс университеті хабарлап отыр.

COVID-19 инфекциясы ең көп тараған ел — АҚШ. Бұнда оған 550 мыңнан астам адам шалдықты.

Екінші орында – Ресей. Бұл мемлекетте коронавинрус 309 мың адамнан анықталды.

Бірінші «үштікке» Бразилия да кірді. Онда дауасы жоқ вирусты жұқтырғандар шамамен 291 мыңға жетіп қалды.

COVID-19-дан қайтыс болғандар саны жағынан да Құрама Штаттар әлемде көш бастап тұр. Бұл мемлекетте коронавирустан жан тәсілім еткендер 93 мыңнан асып кеткен. Сонымен қатар, жұмбақ инфекция құрбандарының көптігі тұрғысынан Ұлыбритания екінші орында тұрса, үшінші, төртінші, бесінше сатыда сәйкесінше Италия, Испания, Франция тұр.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу