Рекорд: Бір тәулікте 106 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған
Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты.
Бір тәулікте 106 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған. Бұл - бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп дабыл қағып отыр.
ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, Латын Америка елдері, Үндістан және өзге аймақтарда инфекция жылдам таралып жатыр.
«Пандемия әлі ұзаққа созылады. Біз табысы орташа және төмен елдерде коронавирус жұқтырғандардың артуына алаңдап отырмыз», - дейді ол.
Бұрын пандемия ошағы Еуропа мен АҚШ болса, қазір Бразилияда коронавирус жұқтырғандар көбейген. Бұл елде 18 860 адам індеттен көз жұмған. Коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 291 579-ға жеткен.
bbc.com
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XX жазғы Азия ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
11.09.2026, 13:27
Е. Рыбакина US Open финалына жолдама алды
11.09.2026, 13:24
Астанада мамандар отбасы институтының өзгерісін талқылады
11.09.2026, 13:18
Тараздағы қоғамдық көліктің 85%-ы жаңартылды
11.09.2026, 13:15
Павлодар облысында шалғай елді мекендердегі үйлерді жаңартуда
11.09.2026, 13:12
1 қазаннан бастап медицина қызметкерлеріне маска тағу міндеттеледі
11.09.2026, 13:09
Жаңаөзен ауруханасынан 223 млн теңге жымқырылған
11.09.2026, 13:06
Президент Үндістанға жұмыс сапарымен барады
11.09.2026, 13:03