Алматыдағы бақылау бекеттерінде кептеліс азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы бақылау бекеттерінде кептеліс азаймай тұр

19.05.2020

Осыдан 1 апта бұрын төтенше жағдай алынғалы, халықтың аңдығаны - осы блок бекет. Карантин режимі сақталған Алматыға қалай да кірсек деп әлек. Полицейлер тек рұқсаты барлардың кіретінін түсіндірсе де, көлік жүргізушілері қалаға кіреберістерде сағаттап кезек күтіп тұр.   

 Полиция департаменті блок бекеттерде заң бұзғандардың көбі облыс тұрғындары екенін айтуда. Сондықтан халықтың ережені сақтай отырып, қалаға тек рұқсатпен кіре алатынын түсіндіруде. Жалпы мегаполис бойынша карантин талаптарын сақтамаған 2200 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 667 тұрғын қамауға алынған.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ, Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу