Алматыға кіреберіс бекеттерде кептеліс пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыға кіреберіс бекеттерде кептеліс пайда болды

11.05.2020

Төтенше жағдайды карантинмен шатастырса керек, бүгін Алматыға кіреберістегі блок-бекеттерде ұзын-сонар кезек пайда болды. Шахар әкімдігі төтенше жағдай алынғаннан кейін де, қаладағы карантин тәртібі сақталатынын хабарлаған болатын. Алайда, бұл ақпаратты естімеген көпшілік қалаға қарай ағылды. Салдарынан, бақылау-өткізу бекеттерінде таңертеңнен бері кептеліс. Көлікпен өткісі келгендер де, жаяу жүргендер де өте көп. Бірақ, полицейлер тек осыған дейін рұқсат алғандарды, яғни қаланың тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелерде жұмыс істейтіндер мен анықтамасы бар тұрғындарды өткізуде.

Хабарламаларға жазылу