Ұлттық банк «БЖЗҚ» 5 жылдан кейін зейнетақы төлеуге қауқарсыз болады деген ақпаратты жоққа шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк «БЖЗҚ» 5 жылдан кейін зейнетақы төлеуге қауқарсыз болады деген ақпаратты жоққа шығарды

19.10.2018

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» 5 жылдан кейін зейнетақы төлеуге қауқарсыз болып қалады. «Forbes.kz» сайтында сарапшы осындай ақпаратпен бөліскен. Ұлттық банк бұл мәлімдеме шындыққа жанаспайтындығын айтып отыр. Сарапшы ешқандай талдаулар мен есептеулерге сүйенбеген және сөзін дәлелдемеген. Керісінше, зейнетақы қорының кірісі шығындардан 4 есеге артық. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» есептеуі бойынша 2019-2023 жылдары кіріс 5 триллион теңге шамасында болады. Ал, төлемдер 1,3 триллоннан аспайды. Зейнетақы активтерінің кірісі де жаман емес. Түрлі қаржылық операциялар арқылы 12 айда қор 9 пайызға өскен. Дәл осы уақытта инфляция 6,1 пайыз болды. Яғни, ақша 2,9 пайызға көбейді. Осылайша, Ұлттық банк сарапшыдан сөздерін дәлелдеуді не болмаса БАҚ арқылы мәлімдемесін теріске шығаруын талап етіп отыр. Олай болмаған жағдайда сотқа бермек.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу