АҚШ ғарышқа құпия әскери космоплан ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ ғарышқа құпия әскери космоплан ұшырды

18.05.2020
АҚШ ғарышқа құпия әскери космоплан ұшырды

АҚШ ғарышқа құпия әскери космоплан ұшырды.

Жасырын миссияға арналған X-37B космопланы мен Atlas V зымыран-тасығышы Канаверал мүйісіндегі АҚШ әуе күштерінің базасынан көкке самғады.

Космопланды сондай-ақ орбиталық сынақ машинасы деп те атайды. Пилотсыз басқарылатын ғарыш кемесінің бұл - алтыншы миссиясы.

«COVID-19 құрбандарын еске алу үшін және пандемиямен күресте алғы шепте жүргендердің құрметіне» деп жазылған ракетада. 

Алғаш 2010 жылы ғарышқа жіберілген. Ал соңғы миссиясы 2019 жылдың күзінде аяқталды, орбитада 780 күн болған. Космопланның қазіргі миссиясы қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.

Жалпы, X-37B космопланы туралы деректер өте аз.

bbc.com

Хабарламаларға жазылу