Falcon 9 зымыраны ғарышқа жерсерікпен ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Falcon 9 зымыраны ғарышқа жерсерікпен ұшырылды

13.10.2017

Америкалық «SpaceX» компаниясы  Falcon 9 зымыранын ғарышқа жерсерікпен бірге ұшырды. Ракета жергілікті уақытпен сағат 19:00-де Флорида штатындағы Канаверал ғарыш айлағынан аспанға самғаған.

Бұл ұшырылымның мақсаты – мерзімі өткен екі спутникті алмастыру. Олардың бірі АҚШ пен Кариб бассейніндегі елдерге телекоммуникациялық қызмет көрсету үшін пайдаланылды.

Ал, екіншісі Құрама Штаттар мен Канада және Мексика территорияларында сапасы жоғары кабельдік телевизияның жұмысын қамтамасыз етуге қолданылған.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу