Қазақстанда шаруаларды қолдауға арналған пилоттық жоба жүзеге асырылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда шаруаларды қолдауға арналған пилоттық жоба жүзеге асырылмақ

17.05.2020

Елімізде дәстүрлі қожалықтардан бөлек, 1 миллион 700 мыңдай жеке қосалқы шаруашылық бар.

Бірақ олардың өнімі сауда орындары арқылы ресми түрде сатылмайды және өңдеу кәсіпорындарына жеткізілмейді. Мемлекетке бұдан салық түсіп жатқан жоқ. Онда жұмыс істейтіндер әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған. Бұл Президенттің мәлімдемесінде келтірілген деректер.

Сөйтіп Мемлекет басшысы үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ауылдағы кооперациялық желіні дамыту үшін «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобаны бірнеше өңірде бастауды тапсырды. Ал 2021 жылдың ортасына қарай толыққанды бағдарлама әзірленбек.

Аграрлық та ел бола тұра, негізгі деген азық-түлік өнімдерімен өзімізді өзіміз қамти алмайтынымыз ащы күлкіні туғызады. Теңдеуге салсақ, оның х-і немесе у-і коррупция, алыпсатарлықтың «алып күші» сияқты факторлар болатыны даусыз.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу