Washington Post: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті
АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Америкалық Washington Post газетінің жазуынша, қарашаның 7-де болған сұхбатта Трамп Кремль басшысына Украинадағы соғысты өршітпеуге кеңес берген. Бұған қоса Еуропа құрлығында бейбітшілікке қол жеткізудің маңызы да қозғалған. Бұған дейін шетелдік басылымдар Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен де телефон арқылы сөйлескенін жазған еді. Ал сайлауалды науқан барысында Трамп Украинадағы соғысты «бір күнде тоқтататынын» мәлімдеді. Алайда бұған қалай қол жеткізетінін айтқан жоқ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы Олимпиада: Бүгін 5 спортшымыз шығады
18.02.2026, 13:35
Өзбекстанда өз көлігіңізбен жүру мерзімі 90 күннен 180 күнге дейін ұзаруы мүмкін
18.02.2026, 13:30
Ресейде автокөлік алушылар азайып кетті
18.02.2026, 13:24
Конституция жобасы әділетті қоғам орнатуға бағытталған
18.02.2026, 13:18
Мемлекеттік басқару академиясы Конституция жобасын түсіндірді
18.02.2026, 13:15
Коалиция мүшелері Шымкент халқымен жүздесті
18.02.2026, 13:12
Таразда 13 жастағы қызды ұрлағысы келгендер ұсталды
18.02.2026, 13:09
Алматыда қызылшаға жұқтырған балалар көбейді
18.02.2026, 13:06