«Дара жолда» - Илья Ильин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дара жолда» - Илья Ильин

19.12.2015
«Дара жолда» - Илья Ильин

Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Спорт залға алғашында алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.

Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын.

Ауыр атлетикамен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi. Сөйтiп, тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн талай рет шетелге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi.

Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильиннің дара жолын бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де көріңіз.

Хабарламаларға жазылу