Ертеңнен бастап Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер жүре бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертеңнен бастап Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер жүре бастайды

11.05.2020

Қала маңында тұратын, елордада жұмыс істейтін азаматтарға блок посттан кедергісіз өтуге рұқсат. Орталық коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен осылай деді. Қазір осы адамдардың тізімі жасалып жатыр. Тізім «Сергек» бақылау жүйесі мен блокпост қызметкерлеріне жөнелтілмек. Қала маңында 7 блокпост бар. Олар өз жұмысын мамыр айының соңына дейін жалғастырады. Бүгіннен бастап, саябақтар мен жағалауда серуендеуге рұқсат берілді. Әлбетте, санитарлық нормаларды қатаң сақтау қадағаланады.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу