Ақтауда әуе қатынасы қайта жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда әуе қатынасы қайта жанданды

08.01.2022

Ақтауда әуе қатынасы қайта жанданды. Сондай-ақ, бігіннен бастап облыста қоғамдық көлік қайта жүре бастады. Қазір студиямен телефон арқылы тікелей байланысқа осы өңірдегі тілшіміз Аягөз Оралбайқызы шықты.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Ақтауда бүгіннен бастап халықаралық әуежай арқылы жүзеге асырылатын әуе рейстерін қайта іске қосу жоспарланған. Әуежай директоры, Меруерт Жолдыбаева әуе компаниялары Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 11:00-ден бастап барлық бағыт бойынша ұшуды жоспарлап отыр деп қабарлады. Ал жоспарланған және осыған едйін кейінге қалдырылған рейстердің ұшу уақытын әуе компаниялары өкілдерінен анықтау қажет.

Аягөз, қоғамдық көліктер де жүре бастағаны рас па?

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Ия, бүгіннен бастап облыстың барлық бағытына қатынайтын қоғамдық көліктер іске қосылды. Жалпы, облыстығы ахуал бойынша өңірде жағдай тұрақты. Ақтау және Жаңаөзен қаласында көшеге жиналғандар әлдеқайда азайды. Тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ.


Хабарламаларға жазылу