Вирустың таралуына қатысты елдегі жағдай тұрақталып келеді
Жағымды жаңалық та жоқ емес. Қауіпті инфекцияның таралуына қатысты елдегі жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-Министр айтты. Асқар Маминнің сөзінше, осы үрдіс сақталса, республикадағы карантиндік шараларды жеңілдетуге мүмкіндік жасалмақ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәліметінше, өткен тәулікте 129 науқас тіркеліп, өсім деңгейі 3,3 пайызды құрады. Жаңа деректердің 65% алдын алу скринингтік тексеру кезінде табылған. Қазіргі күні, Қазақстанда 4179 адам коронавирус жұқтырып, оның 1264- і жазылып шықты. Өкінішке қарай, інденттен 29 адам көз жұмды.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
Автор
Армангүл Тоқтамұрат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Республикалық ата-аналар форумы өтті
11.04.2026, 20:15
Maqsut Narikbayev University-де жасанды интеллект бойынша тегін «AI Upgrade» курсы іске қосылады
11.04.2026, 20:14
Ғұмырын ғылымға арнаған – Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09