Талдықорғанда жағдай тұрақталып келеді
Талдықорғанда жағдай тұрақталып келеді. Себебі шаһарды енді десантты шабуылдаушы бригаданың сарбаздары күзетіп, көшелерді шолуға кірісті. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз бізбен тікелей байланысқа қосылды. Қуаныш, облыс орталығында болып жатқан жаңалықтармен бөліссеңіз?
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Бірнеше күн үреймен отырған талдықорғандықтардың бүгін жүректерінде үміт оты жанғандай. Себебі қалаға әскерилер кірді. Бүгінгі таңда әскери броньді техника және мұздай қаруланған әскерилер маңызды нысандарды күзетуде. Мәселен бұл - журналистер үйі. Бұл жерде облыстық «Жетісу» телеарнасы және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары қызмет етеді. Дәл қазір бұл жерді бірнеше әскерилер күзетіп отыр. Айта кету керек антитеррорлық операция жалғасып жатыр. Оқтын-оқтын дабылдың дыбысы және атылған оқтың дауысы естілуде. Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың айтуынша азық-түлік тапшылығы болмайды. Сондай-ақ су, электр энергиясы, газ сынды инфроқұрылымдардан қалалықтар ешқашан қол үзбейді.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде 16 өңірде су тасқыны күтілуде
12.03.2026, 13:42
Егістіктегі судың әр тамшысы бақылауда болады
12.03.2026, 13:42
163 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
12.03.2026, 13:34
Шымкентке Жиддадан арнайы рейспен 200-ден астам азамат елге жеткізілді
12.03.2026, 13:30
Жетісу облысында жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілді
12.03.2026, 13:28
Ақмола облысында 125 отбасы баспаналы болды
12.03.2026, 13:24
Астанада көлік қозғалысына қатысты заңдағы өзгеріс күшіне енді
12.03.2026, 13:21
Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғам құрудың кепілі
12.03.2026, 13:17