Зейнолла Сәніктің көптомдық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнолла Сәніктің көптомдық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті

26.04.2018

Бүгін шетелдегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Зейнолла Сәніктің көптомдық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті. Былтыр қазан айында жарық көрген еңбегінде жазушы елге белгілі тарихи тұлғалар мен батырлардың образын ашып жазған. Сондай-ақ, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге терең тоқталған. Жиынға арнайы келген тарихшы ғалымдар кітапта жазылған өзекті тақырыптарды саралады. Жалпы, қазір Зейнолла Сәнік атындағы арнайы қор құрылып, жыл сайын түрлі байқаулар мен әдеби кештер ұйымдастырылып келеді. 

Серік Негимов, филология ғылымдарының докторы:

- Зейнолла Сәніктің қаламынан туған шығармалардың өзі, қазақ әдебиетіне қосылған салмақты үлес. Бұл қазақтың көркем ойына қосылған жойқын ағын. Қазақтың көркем ойының энциклопедиясы деуіміз керек.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу