Елде жанар-жағармай бағасы тағы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде жанар-жағармай бағасы тағы өсті

09.06.2021

Елде жанар-жағармай бағасы тағы өсті. АИ-92 маркалы бензин өткен айда 1,6%, бір жылда 12,8%-ға қымбаттап, литрі 171 теңгеден асты. АИ-95/96 жанармайы 11 пайызға қымбаттап, 192 теңгеден сатылып жатыр.  Өткен айларда ғана жанармай құю бекеттерінде 187 теңгеден саудаланған еді. Ал АИ-98 маркалы бензиннің құны бір айда 1,3%-ке өсіп, 209 теңгеден асты. Бұған дейін сарапшылар жанар-жағармай бағасының көтерілуіне ЕАЭО-тың ортақ нарық құру идеясы себеп деген. Алайда мұнайды өңдеуге инвестиция артса, бензиннің өзіндік құны көтерілмейді, дейді мамандар.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу