Атыраудағы вахталық жұмыстан 200 адам Алматыға қайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы вахталық жұмыстан 200 адам Алматыға қайтты

29.04.2020

Теңіз кенішінде 1 ай бойы вахталы жұмыста болған алматылық жұмысшылар үйіне оралды. Бүкіл шығынды көтерген компания басшылығы осындай шешім қабылдаған. Атырау облысындағы кен орнының 200 қызметкерлері отырған әуе рейсі Алматы әуежайына қонды. Әкімдік жанынан құрылған төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабының хабарлауынша, жұмысшыларға алдын ала тест жүргізілген. Нәтижесі теріс болып шыққан соң ғана ұшаққа отырғызылған. Сондай-ақ Алматыға келгенде де коронавирусқа анализ алынып, нәтижелері белгілі болєанша карантинге жатқызылды.  

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу