ДДСҰ: Әлем әлі де коронавирустың алғашқы сатысында тұр

23.04.2020
ДДСҰ: Әлем әлі де коронавирустың алғашқы сатысында тұр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы әлем елдерінің көбі әлі де коронавирус індетінің алғашқы сатысында тұрғанын мәлімдеді.

Тедрос Адханом Гебрейесус өзінің микроблогында Батыс Еуропа елдерінде індеттің таралуы бәсеңдеп немесе тұрақтанғанын жазды. Алайда, Африкада, Орталық және Оңтүстік Америкада, Шығыс Еуропада қауіпті таралу қарқыны байқалады.

Ол сондай-ақ карантин мен қашықтықты сақтау шаралары вирустың таралуын тежеуге көмектескенін жеткізді.

«Дегенмен, ол аса қауіпті вирус болып қала бермек. Қолда бар деректер дүниежүзі халқының басым бөлігі сезімтал болып қалатынын көрсетіп отыр. Бұл ‒ вирус қайта таралуы мүмкін дегенді білдіреді», — деді ДДСҰ басшысы.

Әлемде 2 639 689 (тәулігіне +79 940) адам коронавирус жұқтырған. 184 247 (+6 501) адам індеттен көз жұмды. 720 094 (+27 308) адам емделіп ауруханадан шығарылды.

Дереккөз: Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

Хабарламаларға жазылу