Карантинге байланысты студенттер сессияны онлайн тапсырады

22.04.2020

Карантинге байланысты студенттер сессияны онлайн тапсырады. Ғаламтор арқылы емтиханнан өтіп, жылдық қорытынды бағаларын алады. Ал интернетке кіруге мүмкіндігі жоқ, шалғай елді мекенде тұратындарға кейінірек тапсыруға рұқсат беріледі. Не болмаса ағымдағы бағаларының негізінде қорытынды баға қойылады. Әр жоғары оқу орны осы үш нұсқаның бірін өздері таңдап, анықтайды. Бұл туралы онлайн жиында білім және ғылым вице-министрі айтты. Ал биыл жас маман атанатын түлектер карантин шектеулері алынбаса дипломдық жұмыстарын қашықтан қорғайды. Студенттер ақпан-наурыз айларында өз жұмыстарын алдын-ала қорғаған. Сол себепті бұл тұрғыда ешқандай қиындық жоқ екенін айтады министрліктегілер. Жалпы биыл 605 мыңға жуық студент емтихан тапсырады оның 142 мыңы оқуды аяқтап жатқандар. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу