Елжан Біртанов: Мамырда карантин ұзартылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елжан Біртанов: Мамырда карантин ұзартылуы мүмкін

22.04.2020
Елжан Біртанов: Мамырда карантин ұзартылуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында Қазақстан қалаларында карантин мамыр айында да ұзыртылуы мүмкін екенін айтты.

«Әлбетте, бәрі де аурудың таралу ахуалына байланысты. Вирустың таралуын тоқтатудың бір ғана амалы - бұрынғыша байланысты азайту. Адамдар қауіпсіздікті сақтап үйренбей, бүкіл ел үкіметтеріне қатаң шараны жалғастыруға тура келеді. Сол себепті бұл жағдай уақытты талап ететіндіктен, карантин мамыр айында да созылуы мүмкін», - деді ол.

Министрдің айтуынша, мамырдың соңына дейін 3 500 адамнан инфекция анықталады деп болжанып отыр. Алайда бұл мамырдан кейін инфекция жұқтырғандар тіркелмейді дегенді білдірмейді.

«Бұл мамырдан кейін ештеңе болмайды дегенді білдірмейді. Қоғамда инфекцияны жұқтырғандар болады. Инфекция байланыс кезінде жұғады. Кей адамдар тобы үшін соңы ауыр болуы да мүмкін. Сондықтан эпидемияның таралуы төмендеген кезде үнемі карантинде отырмау үшін вируспен өмір сүріп үйрену маңызды», - деді министр.  


Хабарламаларға жазылу