Пітір садақаны мобильді қосымша арқылы беруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пітір садақаны мобильді қосымша арқылы беруге болады

21.04.2020

Енді бірер күннен кейін басталатын Оразаның бір ерекшелігі тараух намазы мешіттерде оқылмайды. Ал пітір садақаны мешітке бармай мобильді қосымша арқылы онлайн төлеуге болады. Діни басқарманың хабарлауынша, Рамазан айы 30 күнге созылады. Қасиетті Қадір түні мамырдың он тоғызынан жиырмасына қараған түні болады.

Діни басқарманың шешімімен биыл пітір садақаның мөлшері 370 теңге боп бекіді. Бұл екі келі ұнның орташа бағасы. Ал мал мүлкі, материалдық жағдайы мұрсат беретін азаматтар садақаны мейіз не құрма құнымен бергені жөн. Азаматтар карантин кезінде сарсаңға түсіп сабылмас үшін, діни басқарма мобильді қосымша арқылы онлайн жүйеде оңтайлы төлеу жолын нұсқады.

Ал жұқпалы індеттен қорғану үшін антисептик қолданудың еш әбестігі жоқ. Бас мүфтидің пікірінше, құрамында спирт болса да, карантин кезінде пайдалануға рұқсат. Ол адамның денсаулығын қорғайды. Сол себепті оразаны бұзбайды.

Еркін СЪЕЗҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу