ДДСҰ Дональд Трамптың айыптауына жауап қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ Дональд Трамптың айыптауына жауап қайтарды

21.04.2020
ДДСҰ Дональд Трамптың айыптауына жауап қайтарды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус АҚШ президенті Дональд Трамптың айыптауына байланысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ДДСҰ АҚШ-тан немесе басқа да әлем елдерінен коронавирусқа қатысты ешқандай мәлеметті жасырып қалған емес.

«ДДСҰ ештеңені жасырып отырған жоқ. Біз ашық ұйымбыз. Әрбір мемлекет коронавирус туралы немесе басқа да ақпараттарды дәл уақытында алғанын қалаймыз. Себебі бұл олардың кез келген жағдайға дайын болуына ықпал етеді»,- деді Тедрос Адханом Гебрейесус.

Естереңізге сала кетейік, жақында Дональд Трамп ДДСҰ коронавирус пандемиясымен күресте дәрменсіз болуына байланысты ұйымның бюджетіне жарна төлеуді тоқтата тұруға бұйрық бергенін мәлімдеген болатын. Вашингтонның бұл шешімі БҰҰ мен көптеген елдердің президенттері тарапынан қатты сынға алынған еді.

Дереккөз: Лента


Хабарламаларға жазылу