ДДСҰ коронавирусқа қарсы гидроксихлорохин препаратының қолданысын тоқтатты

26.05.2020
ДДСҰ коронавирусқа қарсы гидроксихлорохин препаратының қолданысын тоқтатты

ДДСҰ коронавирусқа қарсы гидроксихлорохин препаратының қолданысын тоқтатты.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.

Шешім жұма күні The Lancet медициналық журналында жарияланған обсервациялық зерттеу нәтижелері бойынша қабылданған. Зерттеу авторларының айтуынша, коронавируске шалдығып, гидроксихлорохин және хлорохинмен ем алған пациенттердің арасында өлім деңгейі жоғары болған. ДДСҰ басшысы сынақ жүргізген тәуелсіз атқарушы топ қазіргі кезде барлық қолжетімді дәлелдерді қарастырып, зерттеу аяқталғанша препараттарды қолдануды уақытша тоқтатқанын айтты.

Бұған дейін БАҚ-та АҚШ президенті Дональд Трамптың гидроксихлорохинді күнделікті қабылдап жүргені хабарланған еді. Ақ үй басшысының айтуынша, ол коронавируспен күрес жүргізіп отырған медициналық қызметкерлерден препарат туралы өте көп жақсы пікір естіген. Трамп коронавирусқа тестті бірнеше рет тапсырып, барлығында да теріс көрсеткіш болды. 

Президент Трамптың препарат туралы пікірінен соң, оның сатылымы күрт артқан.

dw.com

Хабарламаларға жазылу