Ақырзаман сағатының тілі 30 секундқа алға жылжытылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақырзаман сағатының тілі 30 секундқа алға жылжытылды

27.01.2017
Бұған әлемдегі қауіпсіздіктің нашарлауы, Дональд Трамптың ядролық арсеналды күшейту туралы соңғы мәлімдемелері түрткі болды.

Ядролық катаклизмдердің жақындауын білдіретін сағат тілі 30 секундқа алға жылжытылды. Бұған әлемдегі қауіпсіздіктің нашарлауы, Дональд Трамптың ядролық арсеналды күшейту туралы соңғы мәлімдемелері түрткі болды.

Қазір ақырзаман сағатының тілі 23 сағат 57 минут 30 секундты көрсетіп тұр. Ал, осы сағатты ойлап тапқан «Атомшы ғалымдар бюллетені» журналы мамандарының айтуынша, уақыттың тура түнгі 12-ге жетуі Жер шарында ғаламдық апат болатынын білдірмек.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу