А.Мамин: Санитарлық қауіпсіздік қатаң сақталса, карантин режимі жеңілдетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Мамин: Санитарлық қауіпсіздік қатаң сақталса, карантин режимі жеңілдетіледі

21.04.2020
А.Мамин: Санитарлық қауіпсіздік қатаң сақталса, карантин режимі жеңілдетіледі

Санитарлық қауіпсіздік қатаң сақталса, карантин режимі жеңілдетіледі.

Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет отырысында осылай деді.

«20 сәуірден бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантиндік режим жеңілдетілді. Санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, экономиканың бірқатар саласындағы кәсіпорындар жұмысын бастады. Соның ішінде құрылыс, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету туралы тиісті шешім қабылданатын болады. Басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысын жалғастыруға рұқсат берілетін болады. Мұндай жұмыс еліміздің басқа да өңірлерінде жүргізіледі. Дегенмен, бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда ғана мүмкін болады», - деді Үкімет басшысы.


Хабарламаларға жазылу