Еліміздегі карантин режимі шілденің соңына дейін жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі карантин режимі шілденің соңына дейін жалғасады

13.07.2020

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Бұл туралы Мемлекет басшысы мәлімдеді. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет деді Президент. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалатынын айтты. 

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу