Буэнос-Айресте карантин режимі 28 маусымға дейін созылды

07.06.2020
Буэнос-Айресте карантин режимі 28 маусымға дейін созылды

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте қатаң карантин режимі тағы үш аптаға созылады. Бұл туралы ел президенті Альберто Фернандес мәлімдеді.

«Дәл қазір вирус жұқтырғандардың 90%-ы Буэнос-Айресте шоғырланған. Сондықтан ел астанасы мен жақын маңдағы бірнеше өңірдегі карантин режимін 28 маусымға дейін созамыз»,- деді Аргентина президенті.

Ал елдің қалған аймақтарында төтенше жағдай режимі бәсеңдетіліп, адамдар әлеуметтік ара қашықтықты сақтап жүруі тиіс. Олар қалыпты жұмыс жағдайына көшуге, көшеде еркін қозғалуға мүмкіндік алуда. Сонымен қатар, 10 адамға дейінгі жиындарға рұқсат беріліп, тұрғындар тек бетпердемен жүруі тиіс.

Алайда Аргентина бойынша туристік аймақтар, демалыс орындары, кинотеатрлар және қалааралық жолдар мен әуе қатынастары тоқтап тұр.

РИА


Хабарламаларға жазылу