Бүгін ҚазақССР-ның құрылғанына 95 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін ҚазақССР-ның құрылғанына 95 жыл толды

20.04.2020

Қазақ елі өзінің тарихи атауын құжат жүзінде қайтарып алғанына ғасырға жуықтады. Нақтырақ айтсақ, биыл 95 жыл толды. Ресей империясының отарлау саясаты кезінде «Киргиз-кайсак» деп аталғанымыз мәлім. Бұл мәселені ұлт белсенділері оқтын-оқтын көтеріп, 1925 жылдың сәуірінде тарихи шешім қабылданды. «Киргиз АКСР» атауы «ҚазақАКСР» деп өзгерді.  

«Киргиз-кайсак» атауын өзгерту мәселесін әуелі қазақ қоғамы өз арасында қызу талқылады. Ұлт зиялылары басылымдарға жариялап, орыстың орталық билігінің назарын аударды.

Мынау 1925 жылы Орынбордан Ақмешітке келген пойыз. Бесінші Бүкілқазақ сьезін Сейітқали Меңдешев ашқан сәт осы. 5 күндік жиыннан соң тарихи шешім қабылданды. Ресми түрде Қазақ республикасы атанып, мемлекеттің астанасы Ақмешіттің аты Қызылорда болып өзгерді.

Тарихшы ғалымдар әлі ізденіс үстінде. Осы күнге дейін көптеген деректер тапты. Ғылыми мақалалар жарық көрді. Дегенмен, қазақ атауын қайтаруға қатысты мәліметтер Ташкенттің және Мәскеудің архивтерінде жетерлік. Оған қол жеткізу жыл өткен сайын қиындап барады екен.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу