Бүгін Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жасқа толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жасқа толды

22.10.2019

Бүгін классик жазушы, көрнекті қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жасқа толды. Қазақ әдебиетінің патриархы, алып тұлғаның мерейтойын атап өту үшін ғалымдар мен сарапшылар елордада Еуразиялық ұлттық университетте бас қосты. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Әбдіжәміл Нұрпейісов әлемі: шеберлік феномені» деп аталды. 

Жиналғандар көрнекті қаламгердің шығармаларын талдап, Әбен бейнелеген образдардың бірегейлігін атап өтті. Қазақ әдебиетінде ғана емес, әлемдік классикада да өзіндік орны бар жазушы шығармаларында алуан түрлі кейіпкерді, олардың тағдыры мен мінезін түсінікті, әрі ұтымды сипаттай біледі. «Тарихи-әлеуметтік, саяси, қоғамдағы жағдайды да тұщымды суреттеп, оқырманның көкеіндегі ойы мен көкірегіндегі сезімін дөп баса алады», - дейді жазушының үзеңгілестері.

Жабайхан Әбділдин, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

Ол кісінің ең керемет қасиеті - адамгершілікті жаңа қырмен, жаңаша шешіммен берген адам. Әр шығармасында сен дүниенің не екенін, қиын жағдайды жақсы түсінуді, содан кейін Абай айтқандай сөздің құдіретін, кереметтей талант екенін көрсеткен адам.

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу