42 500 теңгені алуға Алматы облысы тұрғындарынан өтініш көп түскен

20.04.2020

Төтенше жағдай кезінде табыстан айырылуына байланысты 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмектің тағайындалуы – халыққа демеу. Қазір еліміздің әр өңірінде мұндай жәрдемақыны алып жатқандар көп. Көш басында Алматы, Түркістан облыстары.

Ел көлемінде 3 миллионға жуық адамның өтініші қабылданбаған. Көпшілігі өтінішті қате толтырған. Мәселен, жеке сәйкестендіру нөмірін дұрыс көрсетпеген. 160 мыңдай адам осындай қате жіберген. Сондай-ақ, жұртшылық көбіне банктегі есепшоттың орнына картадағы 16 сандық деректі жазатынын айтады мамандар.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу