Зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін алу үшін 1 трлн 70 млрд теңгенің өтінімі мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін алу үшін 1 трлн 70 млрд теңгенің өтінімі мақұлданды

07.06.2021

Зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін алуға қатысты бір триллион 70 миллиард теңгенің өтініші мақұлданды. Ол үшін 173 мыңдай адамнан өтініш түскен. Басым бөлігі ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін сұраған. Арасында ипотекалық несиесіні өтеушілер көп. Олардың арнайы шотына бір триллион 63 миллиард теңге аударылған. Ал емделуге деп ақша сұраған алты жарым мың адамның өтініші мақұлданды. Олардың шотына 7 миллиард теңгеге жуық қаржы аударылды. 

Жанар Жолтаева, «Отбасы банк» АҚ баспасөз хатшысы: 
Бір жолғы зейнетақы төлемдерін қолдану бойынша бірінші орында Маңғыстау облысы тұр. 30 мыңнан астам адам. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы. 27 мыңнан астам тұрғын. Елорда тұрғындары 172 млрд-тан астам теңгені қолданып үлгеріпті. Алматы қаласы үшінші орында. 23 мыңнан астам адам. Алматылықтар 184 млрд теңгені тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге қолданды.


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу