42 500 теңге жәрдемақы екінші айға төлене бастады

29.04.2020

Ал 42 500 теңгені алу үшін жапа-тармағай құжат тапсырып, алайда өзіне тиесілі емес екенін түсінгендер ақшаны қайтара бастады.

Еліміз бойынша 163 мың адам қалтасына түскен қаржыны мемлекетке кері қайтарған. Алматының өзінде 15 мың тұрғынға 42 500 теңге бұйырмады. Республика бойынша осы көмекті алуға 8 миллионнан астам адам өтініш берген. Оның тең жартысына, яғни, 4 миллион 300 мың адамға ғана көмек тағайындалған. Алғашқы айда 3 миллионнан астам азаматтың шотына қаражат түссе, екінші кезең басталғалы 560 мың адамға берілген. Ал талапқа сай келмеген 3 миллион өтініш иесіне төлем тағайындалмады.

Себебі көпшілігінің құжаты дұрыс емес. Тіпті 2 жұмысы барлар да көмектен дәметкен. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы айда төлемге ие болатындардың саны қысқаратынын айтады. Себебі 20-шы сәуірден бастап бірқатар мекемелердің жұмысы басталды. Еңбекке тартылғандар мемлекет қаржысын кері қайтаруы тиіс пе? Бұған қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы жауап берді.

Жазира ОАРЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу