Коммуналдық қызметтер үшін кімдерге 15 мың теңгеден беріледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коммуналдық қызметтер үшін кімдерге 15 мың теңгеден беріледі?

20.04.2020
Коммуналдық қызметтер үшін кімдерге 15 мың теңгеден беріледі?

Карантинге жабылған өңірлердегі азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық шығын үшін 15 мың теңгеден беріледі.

Әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына екі ай бойы осы соманы жіберіп отырады. 

Төлемді кімдер алады?

- І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері;

- Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- Көпбалалы отбасылар;

- Соғыс ардагерлері, оларға теңестірілген тұлғалар;

- Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;

- Төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; 

- Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызілікті зейнеткерлер.   

Төлемді алу үшін тұтынушы ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек. Әкімдік ұсынылған деректерді тексереді, мәліметтер рас болған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады.

Хабарламаларға жазылу