Ақтөбе облысында шегірткеге қарсы улау жұмыстары жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында шегірткеге қарсы улау жұмыстары жүргізілуде

09.06.2015
Ақтөбе облысында шегірткеге қарсы улау жұмыстары жүргізілуде

Ақтөбе облысында шегірткеге қарсы улау жұмыстары жүргізілуде. Шаруалар көршілес Ресейден бері ауатын зиянкестерден қауіптенеді.

Сондықтан, ортақ мәселені бірлесе шешу үшін Ақтөбе өңіріне Орынбор облысынан ауыл шаруашылығы саласының мамандары келді. 

Зиянкестерге қарсы улау жұмыстары облыстың оңтүстік аудандарында аяқталуға жақындаса, ауа райының қолайсыздығына байланысты Әйтеке би ауданында енді ғана басталды.

Биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 383 миллион теңге бөлінген.

Ресейліктер қанатты зиянкестермен бірлесе, бір мезгілде күресудің нәтижелі боларына сенімді. Олар Ақтөбе облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу