Өмірзақ Озғанбаев: Ардагерге деген қамқорлық бір күнмен шектелмеуі керек (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өмірзақ Озғанбаев: Ардагерге деген қамқорлық бір күнмен шектелмеуі керек (ВИДЕО)

09.05.2017

Елімізде қан майданды көрген қанша ардагер қалды?

Өмірзақ Озғанбаев: «Өкінішке қарай, ардагерлер саны жыл санап азайып барады. Соғыс біткенде 600 мыңның үстінде еді.  Бүгінде сол азаматтардың саны  2 мыңға жетпейді. Бұл, әрине өмірдің заңы.

Елімізде ардагерлерді ескеру жағы біршама жолға қойылған. Елабсымыздан бастап еліміздің ат үстіндегі азаматтарының бәрі осы мәселені назардан тыс қалдырған емес. Қай аудан, қала, облысқа барсақ та, жергілікті билік ардагерлердің өмірлік тәжірибесін кеңірек пайдалануға тырысады.

II Дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлердің барлығы пәтермен қамтылған, үйге қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілген».

Айта кетейік, бүгінгі «Басты тақырып» Жеңістің 72 жылдығына арналды.

Хабарламаларға жазылу