Жалғызілікті әкелердің құқықтарын қорғайтын ұйым бар ма?

12.01.2020

Астанада тұратын Рысмахан есімді жігіт ағасы Інжу есімді қызын екі айлығынан бері жалғыз тәрбиелейді. Ол кезінде құрылыста істегенінде қызын арбаға салып өзімен алып жүрген. Ұйықтап жатқанында тарсылдатып балға ұруға қиналса да. Ал Інжудің «церебралды паралич» диагнозы бар. Былтыр көп балалы аналармен бірге Рысмахан да биліктегілерге талап қойып шықты: табандап жүріп, жатақханаға қол жеткізді...

Елімізде жалғызілікті әке саны қанша өзі? Олардың құқықтарын қорғап, көмектесетін ұйым бар ма? Түптеп келгенде, балалары жыламауы үшін бәрін істейтін ата-ананы жынысына қарай бөлу дұрыс емес шығар. Бірақ біздің елімізде алимент төлемей қашып жүретін ер кісілер көп екенін де білеміз. Рысмахан сияқты азаматтардың тірлігіне елжірей қарайтынымыз сондықтан-ау.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу