Оралда карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

15.04.2020
Оралда карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

16 сәуірден бастап Батыс Қазақстан облысында карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы брифингте БҚО-ның бас мемлекеттік санитары Мұхамғали Арыспаев мәлім етті.

Атап айтқанда, ертеңнен бастап Орал қаласында барлық бағыттағы автобустар қатынасы тоқтатылады. «Сонымен қатар облыстағы барлық банк және пошта бөлімшелері, азық-түлік базарлары жабылады», - деді М.Арыспаев.

Хабарламаларға жазылу