Шектеу шаралары тағы күшейтіледі

10.07.2020

Вирусқа шалдыққан науқастар саны бойынша елімізде бірінші орынға шыққан Атырау өңіріне Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов барды. Шұғыл жиын өткізіп, облыстағы эпидахуалдың жай-күйін пысықтады. Ералы Тоғжанов карантиндік шараларды мұқият сақтау үшін қажетті жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, аймаққа қызмет барысымен келетін өзге өңір тұрғындарына ПТР тест нәтижесімен кіруге ғана рұқсат етіп, талапты қатаңдату керектігін айтты. Өйткені, вахталық ауысыммен жұмыс істейтін мамандарға жасалған тексеру осыны көрсетіп отыр.


Хабарламаларға жазылу